"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ақмырза ауылының жалпы орта білім беретін мектебі   коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа села Акмырза отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

facebook

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Электр қауіпсіздігі жадынамасы

29.10.2020

Балалардың жарақат алу жағдайларын, оның ішінде электр тогының соғуын болдырмау үшін, сіздерден балаларды қауіпсіздік ережелеріне оқытуға ерекше назар аударуды сұраймыз.

Міне, осынау қағиданың негізгі талаптары:

- электр шкафтарының, құрастырмалардың, қалқандардың есіктерін ашпау керек;

- трансформаторлық қосалқы станциялар мен тарату пункттері жақындауға немесе қол тигізуге, олардың ішіне кіруге, сондай-ақ шатырға көтерілуге болмайды;

- кабельдік және әуе электр беру желілерінің құлаған және үзілген жалаңаш сымдарына жақындамау және тиіспеу керек;

- электр беру желілерінің астында ойнамау, «әуе жыландарын» жібермеу, кернеудегі электр қондырғылары мен жабдықтың жанындағы орындарды ойын үшін пайдаланбау;

- сымдарды есікпен, терезе жақтауларымен қыспауға, оқшаулауға зақым келтірмеу және қысқа тұйықталу болмас үшін сымдарды шегеге бекітуге болмайды;

- аспаптарда немесе сымдарда электр тогының бар-жоғын саусақпен тексеруге болмайды;

- балалардың розетканың жанында ойнауына, оларға түйреуіштер мен шпилькаларды тығуға, сымдарды тартқылауға жол бермеу керек, өйткені бұл электр тогының соғуына әкелуі мүмкін;

            - құрылғыларды қосу және өшіру кезінде штепсельдік ашаны сымнан емес, пластмассалық қалыптан ұстау керек.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті балаларға қауіпсіздік техникасының қарапайым ережелерін түсіндіру туралы сенімді түрдегі өтінішпен жүгінеді.

Просмотров: 337


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст